Тілдер онкүндігі аясында мектебімізде «TikTok пен ойын сленгтері: тілді байыту ма, әлде қоқысқа айналдыру ма?» атты қызу пікірсайыс өтті! 8-сынып оқушылары екіге бөлініп, өз уәждерін ортаға салды:Үкімет (Сленг- тілдің дамуы):Есімсейіт Диана,Гаврилюк Максим. Оппозиция (Сленг- тілдің қоқысы):Коготько Богдан,Лантух Максим.Тартысты ойын көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Сондай-ақ белсенділік танытып, өз ойларымен бөліскен көрермендерге де рахмет!Дебат клубының жетекшісі:Доспаева Г.Б.

18 қыркүйекте Зеренді шаңғы курортында «Намыс» спартакиадасы аясында аудандық «Әскерилендірілген кросс» жарысы өтті. Зеренді ауданынан он сегіз мектеп қатысты. Біздің мектепті Ермек Әмір, Максим Гедзов, Максим Мюльбергер және Денис Сорокин қорғады. Біздің команда жалпы есепте екінші орын алды. Жарысты НВП мұғалімі және ұйымдастырушысы Б.Е. Кокушев басқарды.

Мекен жайы:
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Зеренді, 021200 Республика Казақстан, Акмола обласы, Зеренді ауданы, Зеренді селосы, Нагорный көшесі 1