Текст
20.10.2026
«Ботажан» шағын орталығының тәрбиеленушілері 1 «А» сыныбында өткен математика сабағына қатысып, геометриялық фигуралармен, нүкте және сызық түрлерімен танысты. Сабақ барысында балалардың кеңістіктік түсініктерін, логикалық ойлау қабілеттерін және зейінін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.
Осындай танымдық кездесулер балалардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырып, мектепке бейімделуіне және мектеп пен шағын орталық арасындағы сабақтастықтың нығаюына ықпал етеді.